Accessibility links

Өзбекстанда құқық қорғаушы Бабаджанов сотталды


Мусажон Бабаджанов, өзбекстандық құқық қорғаушы.
Мусажон Бабаджанов, өзбекстандық құқық қорғаушы.

Фергана облысының Кува аудандық соты 26 наурызда "Эзгулик" ("Ізгілік") құқық қорғау ұйымының Әндіжан облысындағы бөлімінің төрағасы Мусажон Бабаджановты үш жылға соттады. Бұл жайында Азаттықтың Өзбек редакциясына "Эзгулик" белсендісі Абдурахман Ташанов хабарлады.

Құқық қорғаушы "қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін материалдарды дайындау, сақтау, тарату" бабы бойынша айыпты деп танылған.

51 жастағы Мусажон Бабаджановтың ісі бойынша сот 5 ақпанда басталған. Прокурор оны төрт жылға соттауды сұраған.

Сот материалдары бойынша, Бабаджановтың тәркіленген компьютерінен алынған материалдарды филологиялық сараптама "діни-фундаменталдық әдебиет" деп таныған.

Бабаджанов үкіммен келіспейтінін және оған шағымданатынын айтады.

XS
SM
MD
LG