Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Қытайға сапарлап барды деп хабарлады өз дереккөздеріне сілтеген Bloomberg агенттігі. Бірақ бұл ақпарат әзірге ресми түрде растала қойған жоқ.
Бұған дейін жапониялық және қытайлық БАҚ Ким Чен Ынның Қытайға баратынын хабарлаған еді. БАҚ-тың мәліметінше, Солтүстік Корея басшысы Қытайға пойызбен барды. Ким Чен Ын 2011 жылы Солтүстік Корея басшысы болғаннан бері шетелге бірінші рет сапарлап отыр. Ким Чен Ында Қытайда қанша күн болатыны және кіммен кездесетіні әзірге белгісіз.
Наурыздың басында АҚШ президенті Дональд Трамп Ким Чен Ынмен кездесуге дайын екенін мәлімдеген. Кейбір ақпарат бойынша, екі ел басшылары алдағы екі ай ішінде кездесуі мүмкін.