Accessibility links

Туыстары Кемероводағы өртте "41 бала қаза тапқанын" мәлімдеді


Кемеровода сауда орталығындағы өрттен қаза тапқандарды еске алып тұрған тұрғындар. 26 наурыз 2018 жыл.

Кемерово қаласында сауда орталығындағы өрт құрбандарының туыстары өрттен 41 бала қаза тапқанын мәлімдеді. Қаза тапқан балалардың тізімі туыстары құрған штабта ілінген.

27 наурыз күні таңертең Кемерово қаласы әкімдігінің алдына жүздеген қала тұрғыны жиналған. Олар биліктен өрт пен құрбандар туралы шынайы ақпарат беруін талап еткен. Жиналғандардың көпшілігі биліктің өрт құрбандары туралы есебіне сенбейді. Наразы жұрт сонымен қатар Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап еткен.


"Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрт 25 наурыз күні күндіз басталған. Ресей Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, өрттен 64 адам қаза тапты. Бірақ куәгерлер іс жүзінде құрбандар саны "бұдан әлдеқайда көбін" айтады.

27 наурыз күні таңертең Ресей президенті Владимир Путин Кемерово қаласына ұшып барды. Ол өртенген "Зимняя вишня" сауда орталығында құрбан болғандарды еске алатын орынға гүл қойып, қайғылы оқиғаға "салақтық пен ұқыпсыздық" себеп екенін мәлімдеді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Құпияға толы Жібек жолы
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:12 0:00
XS
SM
MD
LG