Accessibility links

Қырғызстанда ондаған медресе тексерілді


Бішкектегі медреселердің бірі.
Бішкектегі медреселердің бірі.

Қырғызстанның дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы елдегі медреселерді тексерген. 23 медресенің жұмысынан кемшіліктер табылғаны хабарланды. Талаптар орындалмаған жағдайда талаптарды сақтамаған медреселер жабылады. Бұл туралы комиссия директоры Зайырбек Эргешов хабарлады.

Комиссия қаңтар айында талаптарға сай емес алты медресені жапқандарын хабарлады.

"Бұл мекемелер қайырымдылық ұйымы ретінде тіркелген, бірақ діни білім таратумен айналысып келген. Сонымен бірге мұнда білім беруге, білім алушылар тұруға жағдай жасалмаған, ал мұғалімдердің білімі талапқа сай болмаған" деп мәлімдеді мемлекеттік комиссия.

Медреселерді жабу туралы шешім Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен және казияттармен бірге қабылданған. Қырғызстанда жалпы саны 102 медресе бар.

Бұған дейін президент Сооронбай Жээнбеков дін саласындағы саясат зайырлы мемлекет қағидаларына сай болуы керектігін айтқан.

XS
SM
MD
LG