Accessibility links

Алматыда "ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің" соты басталды


"Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері" деген күдіктілер (әйнек камерада) мен олардың адвокаттары сотта отыр. Алматы, 28 наурыз 2018 жыл.
"Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері" деген күдіктілер (әйнек камерада) мен олардың адвокаттары сотта отыр. Алматы, 28 наурыз 2018 жыл.

28 наурызда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бейресми түрде "Әділ Қытай" деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты алдын ала сот тыңдауы басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

153 томнан тұратын қылмыстық іс бойынша 500-ге жуық куәгерден жауап алынған. Айыпталушы 12 адамға ұйымдасқан қылмыстық топ құру, адам өлтіру, алаяқтық және лауазымды тұлғаларға пара беру деген бірнеше бап бойынша айып тағылған.

Алдын ала тыңдауға судья Бақытхан Бақырбаев төрағалық жасап отыр.

Былтыр 30 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда аудандық ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы полковник Қасабеков пен "қылмыстық топтың мүшелері" деген күдікті бірнеше адам ұсталғанын хабарлаған.


ҰҚК ақпаратына қарағанда, күдіктілер "ұйымдасқан қылмыстық ұйым қызметінің жолын кесу бойынша" арнайы операция кезінде ұсталған. Қасабеков былтыр қарашада "пара алды және қызметтік өкілдеттігін асыра пайдаланды" деп айыпталып, бес жылға сотталған.

ҰҚК-нің хабарлауынша, қылмыстық ұйым өкілдері "кәсіпкерлерден қаржы бопсалады, кісі ұрлап, өлтіруді ұйымдастырды, Қазақстан мен Қытай шекарасы арқылы контрабанда арналарын ұйымдастырды" деген күдікке ілінген.

XS
SM
MD
LG