Accessibility links

Пол Райан: Чехия ресейлік хакерді АҚШ-қа береді деп сенеміз


АҚШ конгресі өкілдер палатасының спикері Пол Райан (оң жақта) Чехия премьер-министрімен қол алысып тұр. Прага, 27 наурыз 2018 жыл.
АҚШ конгресі өкілдер палатасының спикері Пол Райан (оң жақта) Чехия премьер-министрімен қол алысып тұр. Прага, 27 наурыз 2018 жыл.

АҚШ конгресі өкілдер палатасының спикері Пол Райан Вашингтон Чехия билігі "ресейлік хакер" делінген күдіктіні Ресейге емес, АҚШ-қа береді деп күтіп отырғанын мәлімдеді. Чехияға сапарында Пол Райан: "Никулин мырза АҚШ-қа экстрадицияланады деген болжамға негіз бар" деді.

Райанның айтуынша, "Никулин жасаған қылмыстан АҚШ зардап шеккендіктен" оны осы елге экстрадициялау қажет.

26 наурызда Прагада Азат Еуропа/Азаттық Радиосына берген сұқбатында Райан: "Никулиннің Ресейге емес, АҚШ-қа экстрадицияланатыны анық. Ол расында біздің заңдарымызды бұзды. Ол шынымен америкалық компанияларға хакерлік шабуыл жасаумен айналысты... Чехия билігі өз тергеу процесін жүргізіп, оны экстрадициялайды деп үміттенеміз және күтеміз" деді.

Евгений Никулин 2012-2013 жылдары LinkedIn және Dropbox секілді үлкен интернет компаниялдардың компьютерлік желілерін бұзды деп айыпталған. Егер АҚШ-та ол "компьютерлерге еніп, жеке мәліметтерді ұрлаған" деген айып дәлелденсе, оған 30 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Никулин ісі белгілі бір деңгейде АҚШ пен Ресей арасындағы тартысқа айналды. Ресейде оны 2009 жылы онлайн арқылы 2 мың доллар ұрлады деген айыппен іздеп жатыр.

Евгений Никулинді экстрадициялауға қатысты мәселе Прагада саяси шиеленіс туындатты. Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш Никулин АҚШ-қа экстрадициялануы керек дейді. Бірақ Никулинді қай жаққа беретінін шешетін әділет министрі Роберт Пеликан Кремльге іш тартатын президент Милош Земан күдіктіні Ресейге экстарициялауды жақтайтынын айтады. Президент Милош Земан кеңсесі Азат Еуропа/Азаттық Радиосына Роберт Пеликанның жария мәлімдемесіне қатысты пікір білдіруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG