Accessibility links

Қырғызстанда интернетте спиртті ішімдік жарнамалауға тыйым салынбақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан президенті Сооранбай Жээнбеков елде интернетте алкогольді ішімдіктерді жарнамалауға тыйым салатын "Жарнама туралы" заңға түзөетулер енгізу жобасын қолдады. Бұл жайында Қырғызстан президентінің аппараты хабарлады.

Парламентте заң жобасын талқылау кезінде экономика министрінің орынбасары Эльдар Абакиров елдегі 20-дан астам сайтта алкоголь өнімі жаппай жарнамаланып жатқанын мәлімдеген.

"Былтыр монополияға қарсы агенттік сайт иелерімен сөйлесіп, жарнамаға ешқандай тыйым салынбайтынын түсіндірген. Сондықтан осында тыйым салып отырмыз. kg доменіндегі сайттарды және мүмкін болса орыс тілді сайттарды қадағалаймыз" деген Абакиров.

Оның сөзінше, заңда спирттік ішімдіктерді жарнамалағаны үшін 10 мыңнан 70 мыңға сомға дейін айыппұл салу қарастырылған. Заң бұзылса жарнама беруші, жарнаманы жасаушы және оны таратушы да жауапқа тартылады.

Талқылау кезінде депутат Алмазбек Токторов шетелдік сайттардың иелері қалай жауапқа тартылатынын сұраған. Монополияға қарсы мемлекеттік агенттік директоры оған "Сыртқы істер министрлігі мен елшілік арқылы жұмыс істелетінін" айтқан.

XS
SM
MD
LG