Accessibility links

AI: ҚДТ материалын оқыған Ақмарал Тобылова - ар-ұждан тұтқыны


Ақмарал Тобылова.
Ақмарал Тобылова.

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Алматының 27 жастағы тұрғыны Ақмарал Тобылованы "ар-ұждан тұтқыны" деп таныды. Тобылова қазір "экстремистік ұйым" деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысын қолдау ісі бойынша үйқамақта отыр.

Amnesty International ресми сайтында аяғы ауыр Тобылованың "өзінің ой-пікірін еркін білдіру құқығын бейбіт түрде пайдаланғанына бола" ұсталғанын жазады.

Amnesty International Қазақстанда ой-пікірін білдіру еркіндігін қатаң шектеу әлеуметтік желіде де тарала бастағанын мәлімдейді. 2017 жылы жариялаған есебімізде біз Қазақстан билігі әлеуметтік желіні сыни пікір алмасу алаңы және тәуелсіз ақпарат көзі ретінде қолдануды тоқтатуға жұмыс істеп жатқанын айтқанбыз. Адамдарды тұтқындау мен ескертудің қайта белең алуы соңғы уақытта ой-пікірін білдіру еркіндігіне жасалған сорақы шабуыл болып саналады" деп жазады ұйым.


Қазақстан билігі наурыздың ортасында қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын "экстремистік ұйым" деп танып, ел аумағындағы қызметіне тыйым салған. Тыйымнан соң бірден ресми органдар қазақстандықтарды бұл қозғалысты қолдамауын ескерткен. Ал елде "қозғалысты қолдады" деген бірнеше адамға қылмыстық іс қозғалған.

Алматының Алмалы аудандық соты 15 наурызда Ақмарал Тобылованы "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына қаржылай қолдау көрсетті деген айыппен үйқамаққа алған.

XS
SM
MD
LG