Accessibility links

HRW: Өзбекстанда журналистер мен билікті сынайтындар әлі қудаланады


Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.
Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.

"Өзбекстанда саяси астары бар қылмыстық істер мен құқықтық шектеулер өз-өзіне цензура қойып, журналистер мен билікті сынайтындар арасында қысымға ұшырау сезімін тудырып отыр" деп мәлімдеді халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы жаңа есебінде.

"Ашық пікірталас пен журналистік сын айтуға жағдай жасала бастағанына қарамастан, мұндай ахуал президент Шавкат Мирзияев белгілеген реформаны бағытынан тайдырады" делінген ұйымның 28 наурызда жарияланған есебінде. HRW-дың "Олар көрінбейді, бірақ олар әрқашан осында. Өзбекстандағы БАҚ еркіндігі және цензура" деп аталатын есебінде Мирзияев президент болған 2016 жылдың соңынан бергі уақыттағы журналистер мен БАҚ-тың жай-күйі және сөз бостандығы ахуалына талдау жасалған.

Мирзияев Өзбекстанда авторитарлық президент Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін басқаруға келді. Каримов Өзбекстанды Совет одағынан бері басқарған. Мирзияев билікке келген соң авторитарлық билікті біртіндеп әлсіретуді көздейтін саясат аясында біраз саяси тұтқын бостандыққа шықты.

HRW Өзбекстанда сөз бостандығын шектеудің белгілі бір дәрежеде әлсіреуі сияқты оң өзгерістер жасалғанына қарамастан, цензура ой-пікірін еркін білдіруде әлі де күшті кедергі болып отырғаны байқалатынын айтады. Ұйым сыни идеялар айтатын журналистер, жазушылар мен азаматтар таңдаулы түрде қылмыстық қудалауға ұшырайды дейді.

"Өзбекстанда нақты және нәтижелі реформаларды үкімет барлық адамның сөз еркіндігін пайдалану құқығын қорғағанда және билікті сынаудың қауіпсіз екенін көрсеткенде ғана жүргізуге болады. Бұл үшін цензура мен журналистерді қылмыстық қудалауды жойып, шынайы тәуелсіз БАҚ-тың дамуын қолдау керек" дейді ұйымның Орталық Азия бойынша зерттеушісі Стив Свердлов.

"Мирзияе журналист, құқық қорғаушы немесе басқа адамның үкімет саясатын бейбіт түрде сынауына төзімділік таныту өзі ұсынған реформалардағы басты нәрсе ғана емес, саясатының шынайы мәні екенін де ұқтыру керек" деді ол.

XS
SM
MD
LG