Accessibility links

Шымкентте прокуратура қызметкері ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкенттегі Еңбекші аудандық прокуратурасының қызметкері "парамен" ұсталды деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бас прокуратураның мәліметінше, 28 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының ішкі қауіпсіздік тобы мен Оңтүстік Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасының қызметкерін "осыған дейін алынған параның бөлігін қайтару кезінде" ұстаған. "Ақшалай қаражат азаматты қылмыстық жауаптан босату мәселесін шешу үшін алынған” делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі іс бойынша тиісті тергеу шаралары жасалып жатқанын, қосымша ақпарат тергеуге байланысты жария етілмейтінін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG