Accessibility links

Малала 6 жылдан кейін Пәкістанға барды


Малала Юсуфзай.
Малала Юсуфзай.

Нобель сыйлығының иегері, құқық қорғаушы Малала Юсуфзай араға алты жыл салып, туған елі Пәкістанға келді. Оны 29 наурызда Исламабад әуежайынан арнайы күзетпен қарсы алып, қонақ үйге алып кеткен. Малала елде төрт күн болып, Пәкістан премьер-министрі Шахид Хакан Аббасимен кездеспек.

Малала 2012 жылы Пәкістанда өзі оқып жүрген мектеп автобусына жасалған шабуылда басына оқ тиіп, жараланған. Шабуылды Малаланың қыздарға білім беру кампаниясына қарсы талибтер жасаған. Малала шабуылдан ауыр жараланған, бірақ Ұлыбританияда емделіп, аман қалды. Қазір сол елде тұрып жатыр. Өзіне қастандық жасалғалы бері ол әлемді аралап, қыздардың білім алуына мүмкіндік беруге шақырып келеді. Ол 2014 жылы үндістандық құқық қорғаушы Кайлаш Сатъяртхимен бірге бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын иеленген.

Малала Юсуфзай қазір Оксфорд университетінде білім алып жүр. Өткен жылы сәуірде ол БҰҰ-ның ең жас бейбітшілік елшісі атанған.


XS
SM
MD
LG