Accessibility links

Жээнбеков пен Атамбаев кездесті


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевпен кездесуі. 3 қараша 2017 жыл.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевпен кездесуі. 3 қараша 2017 жыл.

Қырғызстанның қазіргі президенті Сооронбай Жээнбеков 28 наурызда бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевпен кездескен. Кездесуде олар Қырғызстан социал-демократиялық партиясының (СДПК) съезі мен оның төрағасын тағайындауды талқылаған.

Жээнбековтың баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева Атамбаевпен кездесу туралы ашып айтпады, тек екеуі бұған дейін де кездескенін атап өтті.

Қырғызстан социал-демократиялық партиясының съезі 31 наурызда өтеді. Партия съезінің өтетін уақыты бірнеше рет өзгерген. СДПК төрағасының орынбасары Фарид Ниязов өткен жылы желтоқсанда съезде Алмазбек Атамбаевтың төрағалыққа тағайындалуы қаралатынын айтқан. Атамбаевтың өзі президенттіктен кетерде саясатта қалатынын, партия жұмыстарын дамытуға атсалысатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG