Accessibility links

Семейде ондаған адам басқа аймаққа көшірілді


Шығыс Қазақстан облысының картасы.
Шығыс Қазақстан облысының картасы.

Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілуінен 29 наурызда Семей қаласы маңындағы Бобровка кентінен 75 адам басқа жаққа көшірілген. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдай департаменті хабарлады.

Департамент сеңнің алдын алу үшін Ертіс өзеніндегі мұзды жарған. Өзендегі қолдан жасалған жарылыстан маңындағы үйлердің терезесі сынған. Департаменттің баспасөз өкілі Анастасия Склярдың айтуынша, басқа аймаққа көшірілетін адамдар саны артуы мүмкін.

29 наурызда Қызылорда төтенше жағдай департаменті Сырдария өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, "Шағала" лагерін су алғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG