Accessibility links

Апелляция соты Савченконы қамаудан босатпады


Надежда Савченко сотта апелляциялық сот отырысына қатысып отыр. Киев, 29 наурыз 2018 жыл.
Надежда Савченко сотта апелляциялық сот отырысына қатысып отыр. Киев, 29 наурыз 2018 жыл.

Киевтің апелляциялық соты Надежда Савченко адвокаттарының аудандық соттың оны қамауға алу туралы шешіміне берген шағымын қанағаттандырмады. Адвокаттар Савченконы бұлтартпау шарасын қамауға алудан басқа кез-келген түрімен алмастыруды сұраған. Сот отырысына саясаткердің он шақты жақтасы қатысты. Олар арасында "Надеждаға - бостандық!" деп айқайлады.

Савченконың адвокаттары 22 наурыз күні Жоғарғы радада көрсетілген видеоны "қойылым" деп біледі. Тергеушілер ол видеоны "Савченконың парламентте теракт жасамақ болғанын дәлелдейтінін" айтады. Күдіктінің өзі "биліктің өлі екенін дәлелдеу үшін бар болғаны теракт деп аталатын саяси арандату ғана" жасағанын айтады.

Былтыр ғана "Украиналық Жанна д’Арк" деп дәріптеліп, "Украина батыры" медалін алған Савченко биыл наурыздың 22-і күні депутаттық иммунитетінен айырылған. Наурыздың 22-і күні Жоғарғы Радаға келген Украина Бас прокуроры Юрий Луценко депутат Надежда Савченкоға "елдегі конституциялық тәртіпті күшпен құлатпақ болды", "Украина президентінің өміріне қауіп төндірмек болды", "теракт жасауды жоспарлады", "террорлық ұйымға көмектесті", "заңсыз қару сақтады" деген айыптар тағылғанын хабарлаған. Киевтің Шевченко аудандық соты 23 наурызда Савченконы өзін Ресей тұтқынынан босатуға бар күшін салған Украина үкіметін құлатуға әрекет жасады деген күдікпен қамауға алынды.

Оқи отырыңыз: Украина батырына "терроризм" айыбы тағылды

XS
SM
MD
LG