Accessibility links

СҚО: Жылу бағасы тағы қымбаттайды


Елена Ганзёра, Солтүстік Қазақстан облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы. 30 наурыз 2018 жыл.
Елена Ганзёра, Солтүстік Қазақстан облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы. 30 наурыз 2018 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) заңды тұлғаларға жылу бағасы 2,8 пайызға қымбаттайды. Жаңа тариф сәуірдің 1-інен бастап енгізіледі. Бұл жайында Азаттық тілшісіне облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінен хабарлады.

Монополияға қарсы қызмет баға өсуінің басты себебі көмір бағасының қымбаттауымен байланысты екенін айтады.

- Облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бұйрығымен 26 наурыздан бастап табиғи монополия субъектісі "Севказэнергосбыт" компаниясының жылу энергиясы қызметіне тариф бекітілді. Мұндай шешім қабылдауға көмір бағасының қымбаттауы себеп болды, - дейді департаменттің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Елена Ганзёра.

Заңды тұлғалар осыған дейін құн салығын есептемегенде бір гигакалория үшін 5590 теңге төлесе, енді бұл сома 5748 теңгеге дейін өседі. Ал жылу есептегіш құралдары жоқ заңды тұлғалар 8561 теңгенің орнына 8803 теңге төлейтін болады.

СҚО-да жылу энергиясы соңғы рет биыл 1 қаңтарда жеке тұлғаларға қосымша құн салығын қоса есептегенде 5 пайызға (13,5 теңгеге), заңды тұлғаларға 5,2 пайызға (16,31) теңгеге қымбаттаған.

XS
SM
MD
LG