Accessibility links

Таразда прокуратура қызметкері жемқорлық күдігімен ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан бас прокуратурасы Жамбыл облыстық прокуратурасының аға көмекшісі Д. Әбдіхалық пен тағы бір азаматтың сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тергеу аясында ұсталғанын хабарлады.

Бас прокуратура мәліметінше, прокурордың көмекшісі Әбдіхалықты 29 наурызда бас прокуратураның ішкі тергеу департаменті қызметкерлері ұстаған. Әбдіхалық "Тараздағы ЖД-158/2 мекемесіндегі сотталушылардың бірін жалпы режимдегі колонияға ауыстыру жайын шешіп беру үшін делдал арқылы 1,2 миллион теңге алмақ болды" деген күдікке ілінген. Сол күні Өтешбаев деген бұған дейін сотталған адам делдалдық жасады деген күдікпен ұсталған.

Екі күдікті де Тараздағы уақытша ұстау абақтысына қамалған.


XS
SM
MD
LG