Accessibility links

Эстония "Магнитский тізіміндегі" 49 адамның елге кіруіне тыйым салды


Бюджеттен қаржы жымқыру қитұрқылығын әшкерелеген Hermitage Capital қорының заңгері Сергей Магнитскийдің портреті.
Бюджеттен қаржы жымқыру қитұрқылығын әшкерелеген Hermitage Capital қорының заңгері Сергей Магнитскийдің портреті.

Эстония "Магнитский тізіміне" енгізілген 49 адамның елге кіргізілуіне тыйым салды. Эстония сыртқы істер министрі Свен Миксердің айтуынша, "Ресейде халықаралық құқықтың жиі бұзыла бастағанына" назар аударту керек.

2016 жылы желтоқсанда Эстония парламенті заңға "Магнитский тізіміне" енгізілген адамдардың елге кіруіне тыйым салатын өзгерістер енгізген. Бірақ санкциялар осы кезге дейін қолданылмаған.

"Магнитский заңы" 2009 жылы қарашада Мәскеу абақтысында қаза тапқан Hermitage Capital қорының заңгері, Ресей бюджетінен ірі көлемде қаржы жымқыру айла-шарғысын әшкерелеген Сергей Магнитскийдің құрметіне аталып кеткен. АҚШ Конгресі қабылдап, кейін кеңейтілген заңда Вашингтон "адам құқығын бұзуға қатысы бар" деп білетін ресейліктерге экономикалық санкциялар салу және виза бермеу қарастырылған. Былтыр қарашада АҚШ үкіметі "Магнитский актісін" орындауды жалғастыра беретіні туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG