Accessibility links

ЖЭМ Песковпен болған ток-шоу жазбасын жойды


Дмитрий Песков, Ресей президентінің баспасөз хатшысы.
Дмитрий Песков, Ресей президентінің баспасөз хатшысы.

Жоғары экономика мектебінің медиаорталығы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковпен студенттердің "В точку" деп аталатын ток-шоуындағы әңгімесі жазбасын ток-шоу аяқталған соң бірнеше сағаттан кейін өшіріп тастады. Бұл туралы BBC-дің Орыс редакциясына ток-шоуға қатысқан Жоғары экономика мектебінің (ЖЭМ) бірнеше студенті хабарлады.

"Бұл кездесуден жазылған ресми жазба жоқ" деді Жоғары экономика мектебі "Журналистика" білім бағдарламасының жетекшісі Сергей Корзун. Ол Жоғары экономика мектебі ток-шоудың толық жазбасын Дмитрий Песковтің өтініші бойынша жарияламайтынын айтты. Әдетте ток-шоу жазбасы әлеуметтік желіде жарияланатын.

Бағдарлама басталар алдында студенттерге кездесуде не айтылғанын жарияламау туралы шарт қойылмаған.

Студенттердің "The Вышка" газеті әдетте ток-шоуға кіру еркін болғанымен, Песковпен ток-шоуға қатысатындардың тізімі жабық жасалғанын хабарлады.

Песков бағдарламада президент Владимир Путиннің Кемеровода стихиялы митинг өткізіп жатқандарға неге шықпағанын түсіндірген. Ол сонымен қатар "шынайы оппозиция болмаса мемлекет өмір сүре алмайтынын" мәлімдеген. Навальныйды "сыбайлас жемқорлықпен күреспен тұйықталып қалған өте ақылды адам" деп атаған. Песков журналистердің депутат Леонид Слуцкийді жыныстық бопсалады деп айыптауын америкалық продюсер Харви Вайнштейннің ісімен салыстырды. "Слуцкийдің жағдайында аздап сәнқойлық бар және қазір АҚШ-та болып жатқан шектен шығушылықтың соңына түсу байқалады" деген Песков.

XS
SM
MD
LG