Accessibility links

Франция Сирияның солтүстігіне әскер жібереді


Манбидждегі америкалық әскерилер, Сирия (Көрнекі сурет).
Манбидждегі америкалық әскерилер, Сирия (Көрнекі сурет).

Франция Сирияның Манбидж қаласындағы күрдтерге әскерилерін көмекке жібереді деп хабарлады Reuters агенттігі. Бұл жайында келісім Франция президенті Эммануэль Макрон мен Сирия демократиялық күштері өкілдерінің Париждегі кездесуінде жасалды. Мандбижге қанша әскер жіберілетіні айтылмайды.

Түркия Сирияның солтүстігінде қаңтардың соңынан бері күрдтерге қарсы "Зәйтүн бұтағы" әскери операциясын жүргізіп жатыр. Операция барысында Манбидж бақылауға алынуы тиіс. Манбиджде америкалық әскерилер орналасқан. Анкара Вашингтонды қаладан әскерилерін шығаруға шақырған, бірақ АҚШ оны орындаудан бас тартқан.

Түркия билігі күрдтердің халықтық өз-өзін қорғау отрядтарын терроршыларға болысады деп санайды және оларды басып алған аймақтарынан тықсырып шығарғысы келеді. Күрд милициясы АҚШ басқаратын коалиция құрамында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен соғысып жатыр.


XS
SM
MD
LG