Accessibility links

Бішкек Өзбекстанға "жалға жер берілгенін" терістеді


Қырғызстанның Ош облысындағы жайлау (Көрнекі сурет).
Қырғызстанның Ош облысындағы жайлау (Көрнекі сурет).

Қырғызстан үкіметінің Ош облысындағы өкілдігінің баспасөз хатшысы Жумамидин Сулайманкулов Ош облысының Алай ауданындағы Сарыташ жайлауының Өзбекстанға жалға берілгені туралы БАҚ таратқан ақпаратты терістеді.

29 наурыз күні Өзбекстанның Ферғана қаласында Қырғызстан мен Өзбекстанның шекаралас облыстары басшылары кеңесінің отырысы өткен. Қырғызстан үкіметі отырыс қорытындысы бойынша "тараптар барлық мәселеде мәмілеге келгенін" ғана хабарлады. Сулайманкуловтың айтуынша, Өзбекстан өкілдері Совет одағы кезіндегідей жайылымдық жерлерді жалға пайдалану тәжірибесін қайта бастауды ұсынған.

"Қырғызстан жағы бұл мәселе кейінірек қаралады деп жауап берді. Жайылымдық жердің берілгені туралы ақпарат шындыққа сай келмейді" деді Сулайманкулов Азаттықтың Қырғыз редакциясына.

2017 жылы Қырғызстан мен Өзбекстан билігі екі ел шекарасының 85 пайызын нақтылауға қатысты келісім жасасқан. Ол кезде шекараның қалған бөлігі 2017 жылдың соңына дейін келісілетіні хабарланған. Бірақ делимитация және демаркация жұмыстары әзірге аяқталған жоқ.

XS
SM
MD
LG