Accessibility links

Министрлік Шымкенттегі жаппай улану оқиғасын бақылауға алды


Көрнекі сурет.

Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті Шымкентте жаппай улануға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. "30 наурызға қараған түні Шымкенттегі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына балмұздақтан улану белгісімен 61 адам қаралды. Қазір оның 41-і ауруханаға жатқызылды, арасында 20 бала бар. 20 адамға ауруханада ем тағайындалды. Науқастарға асқынған ішек инфекциясы және астан улану деген алдын ала диагноз қойылды" делінген ресми хабарламада.

Ресми ақпарат бойынша, зардап шеккендер Шымкентте Республика алаңында орналасқан сауда орнынан балмұздақ алып жеген. Сауда орнының иесі - жергілікті кәсіпкер мемлекеттік органға ескертусіз жұмыс істеген делінеді.


Кейбір мәлімет бойынша, балмұздаққа арналған қоспа "үйде дайындалған". Балмұздақтың қалай дайындалып, сатылғаны тексеріліп жатыр.

"Жұқпалы аурулар ауруханасынан жаппай улану туралы ақпарат қоғамдық облыстық денсаулық сақтау департаментіне 30 наурыз күні таңертең түсті" делінген хабарламада.

"Барлық науқастарға медициналық көмек көрсетіліп, эпидемияға қарсы шаралар жасалып жатыр" делінген денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG