Accessibility links

Қытай мен Тәжікстанда жер сілкінді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Бүгін түнде Тәжікстан мен Қытайдың Шыңжаң аймағында жер сілкінді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

Астана уақытымен сағат 0:45 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 790 шақырым қашықта 5.6 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Оның ошағы 5 километр тереңдіктегі жер қабатында болған.

Арада жарты сағаттан астам уақыт өткенде, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 363 шақырымда, Қытай территориясында 5.5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Оның ошағы 20 километр тереңдікте деп хабарланды.

Жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG