Accessibility links

"Қазавтожол" филиалы экс-басшысы тергеу абақтысында көз жұмған


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Астананың тергеу абақтысында наурыздың 26-сы күні өлі табылған "Қазавтожол" ұлттық компаниясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы басшысы Әділ Нығметовтің қазасы соталды тергеудің бірыңғай реестріне "өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы" ретінде тіркелген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің бас маманы Аглая Турланова КТК телеарнасына айтқан.

Оның сөзінше, қамау орнында шаруашылық жұмыстар атқарған Нығметов ақтық хат қалдырмаған. Тұтқын қазасының жай-жапсары тексеріліп жатыр деп хабарланды.

Өткен жылғы желтоқсанда Астана соты Әділ Нығметовті Қазақстан Есеп комитетінің аудиторларына аса ірі көлемде пара беру қылмысына айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім еткен. Нығметов кінәсіз екенін айтып, үкіммен келіспейтінін мәлімдеген.

Адвокатының сөзінше, үкімге берген шағымын апелляциялық сот алқасы қанағаттандырмай қойғаннан кейін Әділ Нығметов кассациялық арыз жазып, сот шешімін күтіп отырған.

XS
SM
MD
LG