Accessibility links

Францияны паналаған әзербайжандық ерлі-зайыптыны атып кетті


Рахим Намазов пен әйеліне қастандық жасалған жерде тұрған полиция қызметкерлері. Коломье, 30 наурыз 2018 жыл
Рахим Намазов пен әйеліне қастандық жасалған жерде тұрған полиция қызметкерлері. Коломье, 30 наурыз 2018 жыл

Францияда тұрып жатқан әзербайжандық Рахим Намазов қарудан атылған оқтан ауыр жараланып, басынан оқ тиген зайыбы Аида оқиға орнында қаза болған деп хабарлады Азаттықтың Әзербайжан қызметі. Ерлі-зайыптыларға қастандық жұма күні Тулуза қаласы маңындағы Коломье коммунасында жасалған.

Полициядағы дерек көзінің хабарлауынша, автокөлікте келе жатқан Намазов пен әйеліне жеті рет оқ атқан. Қала мэрі Карин Траваль-Мишель AFP агенттігіне берген сұхбатында, бұл қылмыс "Отанында азаптауға ұшырап, түрмеде отырғаны" туралы мәлімдеген, кейін Франциядан саяси баспана сұраған Әзербайжан азаматынан "саяси кек алу" емес пе деген ойға жетелейтінін айтқан. Бұл оқиғаның өткен аптада болған терактілермен байланысы жоқ деген пікірді ұстанатын Траваль-Мишеле, әйткенмен, қылмыстың бүге-шігесін тергеу анықтауы тиіс деп мәлімдеген.

Бұдан бірнеше жыл бұрын YouTube платформасында жарияланған видеороликте Намазов "Әзербайжан армиясында сарбаздарға қатыгездікпен қарайтыны туралы жазғаны үшін түрмеге қамалдым" деп мәлімдеген.

2010 жылы Рахим Намазов Франция үкіметіне өзіне саяси баспана беруді сұрап өтініш жасаған. Кей тәуелсіз журналистер мен құқыққорғаушылар Намазовтың журналист екеніне күмән келтірген.

XS
SM
MD
LG