Accessibility links

БАҚ: Мәскеуде миллиардер Зиявудин Магомедов ұсталған


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ресейде "Сумма" компаниялар тобының иесі, миллиардер Зиявуддин Магомедовтің ұсталғаны туралы жергілікті басылымдар хабарлады. "Коммерсант" газетінің жазуынша, осының қарсаңында бизнесмен мен оның төңірегіндегі бірнеше адамды "жымқыру" ісі бойынша жауап алуға апарған. Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) мен Ішкі істер министрлігінің Экономикалық қауіпсіздік бас басқармасының қызметкерлері Магомедовке қарасты құрылымдарда тінту жүргізген.

Бұған дейін компания "құқық органдары қызметкерлері бизнесменмен тек әңгімелесті, ал компания мен Магомедовтің пәтерінде ешқандай тінту болған жоқ" деп мәлімдеген.

"Сумма" компаниялар тобы өкілдері бизнесменнің ұсталғаны туралы ақпаратты әзірше растаған жоқ.

ТАСС агенттігі тергеу амалдары алаяқтық туралы үш іске байланысты жүргізіліп жатыр деп хабарлаған, бірақ оның бүге-шігесі жайлы ақпарат жоқ. "Коммерсант" газетінің жазуынша, тергеу Калининградтағы "Арена Балтика" стадионын салу кезінде 750 миллион рубльден аса қаржының жымқырылуына қатысты іс бойынша жүргізіліп жатыр. Басылымның дерегі бойынша, тергеушілер тексеріп жатқан тағы бірнеше эпизод Новороссийскідегі теңіз сауда портына байланысты болса керек.

Бұған дейін Forbes журналы жариялаған Ресейдегі ең бай адамдар тізімінде Зиявуддин Магомедов 63-орында тұрған.

XS
SM
MD
LG