Accessibility links

ХОК басшысы Солтүстік Корея лидерімен кездесті


Томас Бах (сол жақта) пен Ким Чен Ын. Пхеньян, 31 наурыз 2018 жыл
Томас Бах (сол жақта) пен Ким Чен Ын. Пхеньян, 31 наурыз 2018 жыл

Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Пхеньянда Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесті деп хабарлайды Assocoated Press.

Агенттік ақпараты бойынша, Ким Чен Ын мен Томас Бах алдағы Олимпиада ойындарына Солтүстік Кореяның қатысу жайы талқылаған. Әңгіме 2020 жылы Токиода, ал 2022 жылы Пекинде өтетін Олимпиада ойындары туралы өрбіген.

Агенттікке берген сұхбатында Бах кездесу "нәтижелі болғанын" айтқан. Оның сөзінше, Ким Чен Ын биыл қыста Пхенчханда өткен қысқы Олимпиада ойындары ашылуында Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея спортшыларының бірге шығуын "бейбіт диалогқа маңызды үлес қосу" деп атаған.

Ким Чен Ын Халықаралық олимпиада комитетін Солтүстік Кореяда спортты дамыту және әріптестікті одан ары қарай жалғастыруға шақырған. Ол Бахты Солтүстік Кореяға "дос ретінде" келіп қайтуға шақырды деп хабарлады Солтүстік Кореяның орталық мемлекеттік телеграф агенттігі.

XS
SM
MD
LG