Accessibility links

Путин Төлеевтің отставкасын мақұлдады


Кемерово облысы губернаторы Аман Төлеев (сол жақ шеттегі), Ресей президенті Владимир Путин (ортада) сауда орталығындағы өрт құрбандарын еске алып тұр. Кемерово, 27 наурыз 2018 жыл
Кемерово облысы губернаторы Аман Төлеев (сол жақ шеттегі), Ресей президенті Владимир Путин (ортада) сауда орталығындағы өрт құрбандарын еске алып тұр. Кемерово, 27 наурыз 2018 жыл

Ресей президенті Владимир Путин Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеевтің өз еркімен қызметтен кету туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы Кремль баспасөз қызметі хабарлаған.

Путин облыс вице-губернаторы Сергей Цивилевті аймақ басшысы міндетін уақытша атқарушы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойған. Жарлық бүгіннен бастап күшіне енген.

Кемерово облысын 1997 жылдан бастап күні бүгінге дейін басқарып келген 73 жастағы Аман Төлеев сәуірдің 1-і күні Ресей президентіне өз еркі бойынша қызметтен кету туралы өтініш білдірген.

Төлеев Кемерово қаласындағы сауда орталығында ондаған адам ажал құшқан өрт оқиғасынан кейін бір апта өткенде қызметінен өз өтініші бойынша кетуге сұранды. Ресми мәлімет бойынша, өрт салдарынан қаза тапқан 64 адамның көбі – балалар.

Кемероводағы өрт құрбандарын аза тұту (28 наурыз 2018 жыл):

Өрт құрбандарын аза тұту
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

Наурыздың 27-і күні Кемерово облыстық әкімшілігі ғимаратының алдына бірнеше жүз адам жиналып, биліктен сауда орталығындағы өрт туралы шындықты айтуды талап еткен. Шеруге қатысушылар құтқарушылардың жұмысына көңілдері толмайтынын айтып, қайғылы оқиғаның жап-жапсарын анықтау үшін мұқият және әділ тексеру жүргізу туралы талап қойған. Адамдар облыс губернаторы Төлеевті отставкаға жіберуді және сол сәтте Кемеровода болған президент Путиннің өздерімен жүздесуін талап еткен. Бірақ Владимир Путин де, Аман Төлеев те облыстық әкімшілік маңына жиналған наразы жұрттың алдына шықпаған.

XS
SM
MD
LG