Accessibility links

Бішкекте ондаған адам астан уланған


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Бішкектегі "Ала-Тоо" мейрамханасында ас ішкен адамдар жаппай уланып қалған деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Республикалық жұқпалы аурулар клиникалық емханасының бас дәрігері Гүлжігіт Әлиевтің айтуынша, қазіргі кезде астан уланғандар саны 52 адамға жеткен.

- Арасында жеті бала бар, ең кішісінің жасы екіде. Зардап шеккендер қатары әлі де көбеюі мүмкін, - деген Әлиев жексенбі күні.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, наурыздың 31-і күні Бішкектегі ауруханаларға астан улану белгісімен адамдар түсе бастаған.

"Қазіргі таңда зардап шеккендерге орташа дәрежедегі улану диагнозы қойылған" деп хабарлаған министрлік.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық орталық астан улану оқиғасына байланысты тексеру жүргізіп жатқаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікке ілінген мейрамханадан елдің әр түкпірінен келген 190-ға жуық адам ас ішкен.

Зардап шеккендерден алынған сынама қорытындысы үш тәуліктің ішінде белгілі болмақ.

XS
SM
MD
LG