Accessibility links

Ердоған Нетаньяхуды "басқыншы" және "терроршы" деп атады


Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті.

Түркия президенті Режеп Ердоған өткен аптада 15 палестиндіктің қаза табуына байланысты Израиль үкімет басшысы Биньямин Нетаньяхуды "басыншы" және "терроршы" деп атады.

Израиль және Түркия басшылары арасындағы жанжал Газа секторы мен Израиль шекарасы маңында қақтығыстан 16 палестиналық қаза тауып, жүздеген адам жараланғаннан кейін туындады. Анкара Израиль әскерилерін қатаң сынады. Нетаньяху жауап ретінде "көп жыл бейбіт халықты бомбалап келген ел өзге елді сынамай-ақ қойсын" деп жауап берген. Ол бұл сөзінде Түркияның Сирия, Ирак және Түркиядағы күрдтерге қарсы операцияларын меңзеді.

Ердоған оған жауабында Израиль билігін "терроршы" деп атап, үкімет басшысын "әлемде ешкім жақсы көрмейтінін" айтты.

Бір кездері жақсы қарым-қатынас орнатқан Түркия мен Израиль арасы соңғы жылдары шиеленісе бастаған. Екі ел қарым-қатынасы соңғы уақытта тіптен нашарлап кетті.

Сәуірдің 1-і күні Израиль қорғаныс министрі Авигдор Либерман БҰҰ мен Еуропа Одағының 16 палестиналықтың өлімін жіті тексеру жөніндегі талабын қабылдамады. "Израиль әскері қажетті ісін орындады. Менің ойымша, олар марапатқа лайық" деді Либерман. Израиль мәліметі бойынша, қаза тапқандардың дені – радикалдық топ мүшелері.

30 наурыз күні палестиналықтар Газа секторы мен Израиль шекарасында "Ұлы оралу маршы" деп атаған наразылық шарасына шыққан. Мекен-жайы Израиль жерінде қалған босқындардың үйлеріне қайтуына рұқсат беруді талап еткен олар шекарадан бір шақырымдай жерде бес лагерь тіккен.

Израиль әскерилері наразыларды жуасыту үшін көзден жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ қолданғанын, ал палестиналықтар әскерилерге тас лақтырып, дөңгелектер өртей бастаған соң "өзін өзі қорғау мақсатында" әскери қарудан атқандарын растаған. Қақтығыстан 16 палестиналық қаза тапқан. Палестиналық дәрігерлердің мәлімдеуіне, мыңнан аса адам зардап шеккен, соның ішінде жүздеген адам оқтан жарақат алған.

Израиль билігі қақтығысқа арандатты деп Газа секторын бақылайтын ХАМАС радикалды тобын айыптайды.

AzattyqTV

Хашоггидің өліміне кім кінәлі?
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG