Accessibility links

Ресей Сарышағанда зымыраннан қорғаныс жүйесін сынады


Ресейдің "Сармат" құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынау сәті. Плесеск космодромы, 30 наурыз 2018 жыл (Көрнекі сурет).
Ресейдің "Сармат" құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынау сәті. Плесеск космодромы, 30 наурыз 2018 жыл (Көрнекі сурет).

Ресей әуе-ғарыш күштерінің әуе және зымыран шабуылынан қорғаныс әскері Қазақстанның Сарышаған полигонында кезекті рет жаңартылған зымыранын сынады.

Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты "Красная звезда" газетінің хабарлауынша, Ресей әуе-ғарыш күштері әуе және зымыран шабуылынан қорғаныс құрылымы қолбасшысының орынбасары Андрей Приходько "жетілдірілген зымыраннан қорғаныс жүйесі тапсырманы сәтті орындап, шартты нысананы дәлдеп атып түсіргенін" айтты.

Зымыраннан қорғаныс жүйесінің сынақтан қашан өткізілгені және басқа да егжей-тегжейлі ақпарат берілмеді.

Ресей Қазақстаннан жалға алған Сарышаған полигонындағы шартты нысанаға бағыттап жиі зымыран атады. Ресей соңғы рет зымыраннан қорғаныс жүйесін биыл ақпанның ортасында сынаған.

XS
SM
MD
LG