Accessibility links

Бішкекте астан уланғандар саны артты


Бішкектегі "Ала-Тоо" мейрамханасы.
Бішкектегі "Ала-Тоо" мейрамханасы.

2 сәуір күні таңертеңгі мәлімет бойынша, Бішкекте мейрамханада ас ішкеннен кейін дәрігерлерге жүгінгендер саны 151 адамға жетті деп хабарлады Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі.

Бішкекте дәрігерлер көмегіне жүгінген 139 адамның 89-ы, оның ішінде 19 бала ауруханаға жатқызылған. 50 адам, оның ішінде 10 бала емханада емделіп жатыр.

Чолпон-Ата қаласында аудандық ауруханадан 12 адам Бішкектегі тойдан уланған болуы мүмкін деген күдікпен дәрігерге қаралған. 1 сәуірде 10 адам ауруханаға түсіп, бір адамға амбулаторияда ем жасалған.

"Ала-Тоо" мейрамханасында Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығы мейрамхананы жоспардан тыс тексеріп, ондағы азық-түліктен сынама алды. Тексеру нәтижелері үш күнде дайын болады. Мамандар зардап шеккендер тауық етінен жасалған тағамнан уланған болуы мүмкін деп болжайды. Мейрамханадан елдің әр түкпірінен келген 190-ға жуық адам ас ішкен.

31 наурызда Бішкектегі "Ала-Тоо" мейрамханасында той болып, оған 190-ға тарта адам қатысқан. Тойдан соң қонақтардың кейбірі ауырып, дәрігерге қаралған. Мейрамхана әкімшілігі әзірге оқиғаға қатысты комментарий бермеді.

XS
SM
MD
LG