Accessibility links

Шығыс Ғута: Көтерілісшілер Думадан эвакуацияланбақ


Шығыс Ғута аймағының Дума қаласында әуе шабуылдарынан соң баласын алып жан сауғалап қашып бара жатқан әйел. Сирия, 20 наурыз 2018 жыл.

Сирияның Шығыс Ғута аймағындағы Дума қаласында көтерілісшілер мен олардың жанұяларын эвакуациялау туралы келісім жасалды. Сирия мемлекеттік БАҚ-ы мен Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымының хабарлауынша, Дума қаласын ұстап отырған топ 1 сәуірде Ресейдің арағайындық етуімен Сирия үкіметімен қаланы тастап шығу туралы келісім жасасқан.

Келісім бойынша, "Жайш әл-Ислам" көтерілісшілер тобының жасақтары Шығыс Ғута аймағындағы осы кезге дейін оппозиция бақылауында болған басты қала - Думадан өз еркімен кетеді. Осылайша, Сирия үкімет күштері Ресейдің әскери қолдауымен бір кездері Дамаскіге жақын, оппозиция бақылауында болған анклавты толық бақылауға алды.

Мемлекетік SANA агенттігінің хабарлауынша, "Жайш әл-Ислам" тобы көтерілісшілер мен Түркия бақылайтын Жараблус қаласына кетуге келіскен. Агенттік бұған қоса Думаның жергілікті кеңесі Сирия орталық үкіметінің мақұлдауымен құрылатынын хабарлады.

31 наурызда SOHR Ресейдің әскери полициясы Думаны қорғау үшін қалаға кіргізілетінін хабарлаған еді.

Көтерілісшілер келісімге қатысты комментарий берген жоқ.

Дума 2011 жылы президент Башар Асадқа қарсы толқу бастаған алғашқы аймақтардың бірі болған еді.

Үкімет күштері соңғы бірнеше жыл бойы көтерілісшілер қолында болған Шығыс Ғутада бірқатар қала-кенттерге қарсы биыл ақпанның соңында Ресей әскери ұшақтарының қолдауымен шабуыл бастаған. Содан бері болған шайқастар мен әуе шабуылдары салдарынан бір жарым мыңға жуық бейбіт тұрған қаза тапқан дейді құқық қорғаушылар. Толық күйреу және тұтқынға түсу қаупі төнген көтерілісшілер бұған дейін де билікпен келісімге барған.

Батыс елдері Дамаск мен Мәскеуді Шығыс Ғутаны бомбалап, бейбіт тұрғындарды қырғынға ұшыратқаны үшін айыптаған. Сирия билігі мен ресейлік әскерилер "терроршылармен" күрес жүргізіп жатырмыз дейді.

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG