Кашмирдің Үндістан бақылауындағы бөлігінде наразылыққа шыққандар мен полиция арасындағы қақтығысып, кем дегенде 20 адам қаза тапты. Кашмир билігінің хабарлауынша, 1 сәуірде Сринагар қаласының оңтүстігінде қақтығыстан үндістандық үш сарбаз, күдікті 13 содыр мен бес бейбіт тұрғын қаза тапқан, ондаған адам жараланған.
Ресми мәлімет бойынша, мыңдаған демонстрант көшеге шығып, тас лақтырып, Үндістан билігіне қарсы ұрандата бастаған соң полиция оларға оқ атты. Сринагардың өзінде де демонстрациялар болды. Демонстранттар 2 сәуірде қалада тағы да шерулер өткізуге шақыруына байланысты қаладағы барлық мектеп жабылды.
Сринагардағы наразылыққа Үндістан әскерінің Кашмирдің оңтүстігінде бүлікшілерге қарсы операция бастауы түрткі болды. Мұндағы бүлікшіл топтар Делидің аймақтағы саясатына қарсы белсенді әрекет етеді.
Кашмир аймағы 1947 жылы Үндістан Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған соң үнділер басым Үндістан Кашмирі және мұсылмандар басым тұратын Пәкістан аймағы болып бөлінген.