Accessibility links

NYT: Скрипальді улауға химик-маман қатысқан


Солсберидегі Сергей Скрипальдің үйін күзетіп тұрған полицейлер.
Солсберидегі Сергей Скрипальдің үйін күзетіп тұрған полицейлер.

Ұлыбританияның Солсбери қаласында бұрынғы ГРУ полковнигі Сергей Скрипальді улауға химия саласының маманы қатысқан деген мәлімет тарады. Бұл туралы 1 сәуірде сарапшыларға сілтеме жасаған The New York басылымы жазды.

Ұлыбританиядағы тергеу амалдарының дерегінше, улы зат Скрипаль үйінің кіре беріс тұтқасына жағылуы мүмкін және бұл іске химиялық қару бойынша жоғары білікті маманның тартылған.

Химиялық қару жайындағы сарапшы Ричард Гатри мұндай жұмыс химиялық процесс негіздері жайында терең білімді қажет ететінін айтады. Оның ойынша, жүйке жүйесі уын есік тұтқасына жаққанда, оның теріге жұғу ықтималдығы зор екені есептелген.

Көре отырыңыз: Скрипаль неден уланды?

Ғалым: "Новичок" газы Нөкісте сынақтан өткен
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:03 0:00

Лидс университетінің токсология профессоры Аластер Хейдің пікірінше, у жағылған зат күдік тудырмауы қажет. Басқаша айтқанда, уланған тұтқаны ұстаған құрбан алғашында ештеңе сезбеуі керек. Ал улаушы өз басына қауіп төнбеуі үшін уланып қалмауды ойлауы керек.

Сарапшылар Солсбериде қылмыс жасаушы арнайы дайындықтан өткен деген ойда.

Ал New York Times мұндай қиын операция Кремльдің қатысуынсыз жүзеге аспайды деп санайды. Ұлыбритания бұл іске байланысты Ресейді айыптап, Лондондағы ресейлік елшіліктен 23 дипломатты елден шығару туралы шешім қабылдаған. Батыстың ондаған мемлекеті Ұлыбританияны қолдап, 150 ресейлік дипломатты еліне қайтарған.

2006 жылы Ресейдің бұрынғы тыңшысы 66 жастағы Сергей Скрипаль Ұлыбритания барлауына жұмыс істеді деп айыпталып, Ресейде 13 жылға бас бостандығынан айырылған. 2010 жылы ол АҚШ пен Ресейдің тыңшы алмасуы аясында Ұлыбританиядан саяси баспана алған. Биыл 4 наурызда Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Солсберидің орталығында естерінен танып, ауруханаға түскен. Өткен апта Юлия Скрипальдің оңала бастағаны, тілге келгені белгілі болды.

Көре отырыңыз: Тыңшыны улау дауы қалай ұлғайды?

Жаһан жаңалықтары 30.03.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:17:15 0:00

XS
SM
MD
LG