Accessibility links

Алматы облысында Кеген ауданы қайта құрылды


Алматы облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Алматы облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы" қаулы шығарды. Қаулы бойынша, Алматы облысындағы Райымбек ауданы Кеген және Райымбек аудандары болып екіге бөлінеді.

Құжатқа сай, Кеген ауданының әкімшілік орталығы Кеген селосы, ал Райымбек ауданының әкімшілік орталығы Нарынқол селосы болмақ. Жарлық ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Кеген ауданы бұрын да болған. 1930 жылы құрылған Кеген ауданы 1997 жылы сол кездегі Нарынқол ауданымен біріктіріліп, Райымбек ауданы аталған.


Қазақстанда дағдарыс туындаған 1990-жылдары ел билігі әкімшілік-аумақтық құрылымдарды оңтайландыру саясатын ұстанып, елді мекендер санын қысқартып, кейбір аудандар мен облыстарды бір-біріне қосқан. Сол жылдары Жезқазған, Торғай, Көкшетау, Талдықорған және Семей облыстары жойылып, олардың аумағы басқа облыстарға қосылған. Қазақстан билігі бұл шараны қазына қаржысын үнемдеу қажетінен туындады деп түсіндірген.

XS
SM
MD
LG