Accessibility links

Forbes Kazakhstan мен Ratel журналистері босатылды


Forbes Kazakhstan кеңсесін тінту
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:12 0:00

Forbes Kazakhstan урналы кеңсесін тінту. Алматы, 2 сәуір 2018 жыл.

Forbes Kazakhstan журналы мен Ratel.kz сайтының Алматыдағы редакцияларын 2 сәуірде тінтіген соң ұсталған журналистер босатылды.

"Ratel.kz сайтының бас редакторы Марат Әсіпов, бас редактордың орынбасары Сапа Мекебаев және журналист Анна Калашникова дүйсенбі күні кешке ішкі істер департаментіндегі тергеуден шықты", деп хабарлады Ratel.kz журналисі Вадим Борейко Facebook-тегі парақшасында. Оның алдында Forbes Kazakhstan журналы бас редакторының орынбасары Александр Воротилов босатылған.

Журналистерді редакциядағы тінтуден соң ұстаған еді. Алматы полициясы бұл әрекетін екі ақпарат құралының үстінен "көпе-көрінеу жалған мәлімет тарату" фактісі бойынша арыз түскенімен байланыстырды. БАҚ қызметкерлері арыз берушіні бұрынғы қаржы министрі, бизнесмен Зейнолла Кәкімжанов дейді. Кәкімжанов өткен жылы аталған басылымдармен соттасып, олардан 50 миллион теңге өндіру туралы шағымын сот қанағаттандырған. Кәкімжановтың "сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын" әшкерелемек болған журналистер соттың бұл шешімімен келіспеді.

Оқи отырыңыз: Полиция Forbes пен Ratel-дің кеңсесіне жетті

Полиция Forbes Kazakhstan редакциясын тінтіген соң, Воротиловтың жұмыс компьютерін алып кетті. Өткен аптада бұғатталған Ratel.kz сайтының редакциясынан да компьютерлер мен құжаттар тәркіленген.

Кәкімжанов Facebook-тегі парақшасында өзіне қарсы мақалаларды "тапсырыспен жазылған" деп атады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG