Accessibility links

Кремль: Трамп Путинді Ақ үйге шақырған


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин. Вьетнам, Дананг, 11 қараша 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин. Вьетнам, Дананг, 11 қараша 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президентін АҚШ-қа сапарлап қайтуға шақырғанын хабарлады.

Ушаковтың 2 сәуір күні ресейлік ақпарат агенттіктеріне хабарлауынша, Трамп Путинді онымен наурыз айында телефонмен сөйлескен кезінде шақырған.

Трамп пен Путиннің жүзбе-жүз кездесу мүмкіндігін талқылағанын Ақ үй де растады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс Трамп 20 наурызда Путинмен телефонмен сөйлескенінде Ақ үйге сапарлау жайын талқылағанын айтты.

"Президент Трамп 20 наурызда Путинмен телефонмен сөйлескен соң онымен "тым жақын уақытта" белгілі бір жерде, оның ішінде Ақ үйде екеуара кездесу жайын талқылағанын растады" деді Сандерс.

Трамп пен Путин телефонмен америкалық тараптың бастамасымен сөйлескен. Ол кезде Трамп Путинді президент болып сайлануымен құттықтаған. Washington Post Ақ үй Трампты Путинді құттықтамауға шақырғанын және әңгімені Ұлыбританияда уланған Ресей сыртқы барлау қызметінің бұрынғы офицері Сергей Скрипальдің ісін талқылаудан бастауға кеңес бергенін хабарлаған. АҚШ президенті ол кезде Twitter-де Ресеймен қарым-қатынас орнату "жақсы" екенін жазған.

26 наурызда Вашингтон Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальдің улануына жауап ретінде ресейлік 60 дипломатты елден шығарып, Сиэтлдегі Ресей консулдығын жабуға шешім қабылдаған. Мәскеу бұған жауап ретінде америкалық 60 дипломатты елден шығарып, Санкт-Петербургтегі консулдықты жапқан.

XS
SM
MD
LG