Accessibility links

Францияда теміржолшылар ереуілдеп жатыр


Ереуіл басталардан бірнеше сағат бұрын станциядан шығып бара жатқан пойыз. Лилль, Франция, 2 сәуір 2018 жыл.
Ереуіл басталардан бірнеше сағат бұрын станциядан шығып бара жатқан пойыз. Лилль, Франция, 2 сәуір 2018 жыл.

Францияда француз теміржолы ұлттық компаниясын реформалауға қарсы ереуіл басталды. Ереуіл әр аптаның екі жұмыс күні болып тұрады және маусымның соңына дейін жалғасады.

Француз халықаралық радиосының хабарлауынша, үкімет ұсынған реформа теміржолдағы бәсекелестікті күшейтеді. Бұдан өзге, реформа аясында теміржолда жұмыс істейтіндерге арналған жеңілдіктерді жойып, оларды ерекше мәртебесінен айыру және жалдамалы жұмысшымен теңестіру жоспарланып отыр. Кәсіподақтар реформадан соң компания жекеменшікке өтіп кетуі мүмкін деп қауіптенеді.

3 сәуірде Францияда жүрдек пойыздардың 12 пайызы ғана жақын және магистралдық бағыттарда жолға шыға бастайды. Париж бен оның айналасында пойыздардың үштен бірі ғана маршрутқа шығады. Кәсіподақ өкілдері ереуілге күн сайын 4,5 миллион адам шығады деп болжайды. Жергілікті билік көлік иелерін каршеринг платформасына тіркеліп, басқа жолаушыларды көлігімен ала кетуге шақырып жатыр.

Францияда ереуілге теміржол қызметкерлерінен өзге Air France компаниясының қызметкерлері, энергетикалық компания жұмысшылары мен, жол тазалаушылар мен студенттер де шықпақ.

XS
SM
MD
LG