Accessibility links

Комитет: Балалар құқығын қорғайтын ҮЕҰ-ны қолдаймыз


Шымкенттегі мамандандырылған "Бөбектер үйі" (Көрнекі сурет).
Шымкенттегі мамандандырылған "Бөбектер үйі" (Көрнекі сурет).

Қазақстан білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті "балалар мәселелерін жақсартуға жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарды" қолдайтынын мәлімдеді. Комитет таратқан ақпаратқа қарағанда, Қазақстанда балалар үйлерінде тәрбиеленушілер саны азая бастаған, мемлекеттік балалар үйлерінің саны да қысқарып жатқаны байқалады.

Комитет мәліметі бойынша, соңғы бес жылда балалар үйлерінде тәрбиеленетін бала саны 57 пайызға (11 мыңнан алты мыңға дейін) дейін азайып, 2051 бала өз отбасына қайтарылған.

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, елде жетім балалар мен ата-анасы тастап кеткен балаларға арналған ондаған мекеме жабылған. Ресми мәлімет бойынша, бұл процестің жеделдеуіне үкіметтік емес ұйымдардың да үлесі тиіп жатыр.

28 наурызда Қазақстандағы бала құқығы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Астанада балалар үйлері директорларының республикалық кеңесі жиынында балалар үйлеріне тексеру жүргізуді азайтуды және оларға үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) кіргізуді шектеуді ұсынған. Балиева сонымен қатар Қазақстанда кәсіпкерлер демеуімен құрылған "Аналар үйлерін" сынаған.

XS
SM
MD
LG