Accessibility links

Министр: Қазақстанда 1600 үйді су басты


Алматы облысының Тұздыбастау ауылындағы су басқан көше. 28 ақпан 2018 жыл.
Алматы облысының Тұздыбастау ауылындағы су басқан көше. 28 ақпан 2018 жыл.

Қазақстанда 58 елді мекенде 1600 үйді еріген қар мен жаңбыр суы басып, төрт мыңға тарта адам эвакуацияланды деп хабарлады 3 сәуірде Астанада үкімет жиынында баяндама жасаған ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. Оның айтуынша, үйлерді су басуына күннің күрт жылынуы мен жауын-шашынның мол түсуі себеп болған.

"1200-ден астам үйден су шығарылды, 2800-ден астам адам үйлеріне оралды" деді министр.

Бір күн бұрын Шығыс Қазақстан облысынд Зырян ауданы әкімінің өкімімен ауданда жүздеген үй мен аула сыртын су басқан соң төтенше жағдай жарияланған. Облыстың Аягөз, Глубокое және Шемонаиха аудандары мен Семей қаласында да төтенше жағдай режимі күшінде.

БАҚ-тың Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке сілтеп хабарлауынша, арнайы комиссия құрылып, облыстағы жағдай "бақылауға алынған. Әкімнің сөзі бойынша, қазір үйлерді жөндеу жұмыстары басталып, өзенде сең жүруінің алдын алу үшін жарылыстар жасалып жатыр.

Оқи отырыңыз: Ауылды басқан тасқынды "аздап су жайылды" деп сипаттады

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев министрлермен кездесуінде тасқыннан зардап шеккендерге үкімет қосымша қаржы бөлетінін айтқан. "Үкімет барлық тиісті көмегін береді, қосымша қаржы бөлінеді, облыс екі милилард теңге сұраған" деді Сағынтаев.

2017 жылы Қазақстанның бірнеше облысында ондаған елді мекенді су басып, жүздеген үй қирап, бүлінген.

Видео: Шығыс Қазақстандағы су басу (27.03.2018)

XS
SM
MD
LG