Accessibility links

Астана Әзербайжан президенті сайлауына 49 бақылаушы жібермек


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті насихаттаған сайлауалды баннері. Баку, 23 сәуір 2018 жыл.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті насихаттаған сайлауалды баннері. Баку, 23 сәуір 2018 жыл.

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Әзербайжандағы президент сайлауына 49 бақылаушы жіберетінін хабарлады.

ОСК баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия 3 сәуірде жиын өткізіп, Әзербайжандағы сайлауды бақылауға баратын 49 адамның тізімін бекіткен.

49 адамның 35-і ТМД бақылаушылар миссиясы құрамында, 10-ы ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқығы бюросы құрамында бақылау жасайды.


Әзербайжанда президент сайлауы мерзімінен бұрын - 11 сәуірге белгіленген.

Әзербайжан Конституциясы 2016 жылы қыркүйекте өткен даулы референдум бойынша өзгертіліп, іс басындағы президент Ильхам Әлиев мерзімінен бұрын сайлау белгілеу құқығына ие болған.

XS
SM
MD
LG