Accessibility links

Путин мен Ердоған С-400 кешенін жеткізуді талқылады


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин. Анкара, 3 сәуір 2018 жыл.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин. Анкара, 3 сәуір 2018 жыл.

"Түркияға С-400 зенит-зымыран кешенін жеткізу келісімін орындау Мәскеу үшін басым бағыт саналады" деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин Анкараға сапарында.

Путин Анкарада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөз жүргізіп, Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысты. Түркияға Путинмен бірге құрамында министрлер, мемлекеттік корпорациялар басшылары мен ірі бизнесмендері бар делегация да барды.

Бұған дейін екі ел басшылары Түркияда "Росатом" компаниясымен бірге Жерорта теңізі жағалауынан салынатын алғашқы атом электр станциясы құрылысын бастау салтанатына қатысты. Келіссөзден кейінгі баспасөз конференциясында екі ел басшылары да TurkStream газ құбыры құрылысын аяқтауға мүдделі екенін мәлімдеді.

Анкараға сонымен қатар Иран президенті Хассан Роухани де барды. 4 сәуір күні үш ел басшылары Сириядағы дағдарысты талқылайды.

Владимир Путин 18 наурызда Ресей президенті болып қайта сайланғаннан кейін алғашқы шетелге сапарын Түркиядан бастап отыр.

Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы 2015 жылы түркиялық ұшақ Сирия шекарасына жақын маңда ресейлік әскери ұшақты атып түсіргеннен кейін ушығып кеткен еді. Кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас қайта қалпына келе бастаған. Анкара Түркияның Жерорта теңізі жағалауынан Аккую атом электр стансасының бірінші блогын салу жұмыстарын бастау үшін "Росатомға" құрылыс лицензиясын берген.

XS
SM
MD
LG