Accessibility links

АҚШ-та Ресейдің сайлауға килігуі ісі бойынша алғашқы үкім шықты


Нидерландылық заңгер Алекс ван дер Зваан Вашингтондағы сот алдында. 3 сәуір 2018 жыл.
Нидерландылық заңгер Алекс ван дер Зваан Вашингтондағы сот алдында. 3 сәуір 2018 жыл.

АҚШ-та арнайы прокурор Роберт Мюллердің 2016 жылы АҚШ президенті сайлауына Ресейдің ықтимал килігуін тексеруі аясында алғашқы үкім шықты.

Вашингтон федералдық соты нидерландылық заңгер Алекс ван дер Зваанды Федералдық тергеу бюросына жалған куәлік берді деп айыптап, 30 күнге түрмеге жабу және 20 мың доллар айыппұл салу туралы үкім кесті. Ресейлік бизнесмен Герман Ханның күйеубаласы саналатын Алекс ван дер Зваан кінәсін мойындаған.

Ван дер Зваан былтыр бұл іс бойынша негізгі айыпталушылардың бірі - Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы Пол Манафортпен жұмыс істескен. Ол Манафорттың Украинаға қатысты қызметін тергеу аясында жалған куәлік берген.

Мюллер қазірге дейін 22 адамға, оның ішінде Ресейдің 13 азаматы - "тролль фабрикасы" деп аталатын Интернет зерттеулері агенттігі қызметкерлеріне қарсы айып тағып отыр. Айыптылар арасында Трамп штабының бұрынғы бірнеше қызметкері бар. Бірақ оларға Ресеймен астыртын сөз байласты деген емес, басқа қылмыстырға қатысты айып тағылып отыр.

XS
SM
MD
LG