Accessibility links

Ресей түрмесінен босаған украиналық Юрий Солошенко қайтыс болды


Юрий Солошенко, Ресей түрмесінде отырған украиналық саяси тұтқын.
Юрий Солошенко, Ресей түрмесінде отырған украиналық саяси тұтқын.

Полтавадағы "Знамя" қорғаныс зауытының бұрынғы директоры, саяси тұтқын Юрий Солошенко 75 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Солошенконың ұлына сілтеген Украина Жоғарғы Радасының бірінші вице-спикері Ирина Геращенко хабарлады.

2015 жылы қазанда Ресей соты Солошенконы Украина пайдасына тыңшылық жасады деп айыптап, алты жылға соттаған. Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) Солошенко Украина әуе қорғанысы күштері кешеніне қосалқы бөлшек алуда украиналық екі кәсіпорынның атынан әрекет етті деп мәлімдеген. ФСБ-ның долбарына қарағанда, Солошенко заңсыз әрекет еткен. Ресейлік құқық қорғаушылар Солошенконың ісін қарау барысында оның құқығы бірнеше рет бұзылғанын айтады.


2016 жылы 14 маусымда Юрий Солошенко мен Ресей түрмесінде жазасын өтеп жатқан тағы бір украиналық - Қырым белсендісі Геннадий Афанасьевті Одессадағы ресейшіл белскенділерге айырбастаған. Бұдан бұрын оларға Ресей президенті Владимир Путин рақымшылық жасаған.

Солошенконың қайтыс болғанын естіген Афанасьев Facebook-те "Юрий Солошенко қайтыс болды. Біздің батырымыз. 74 жасында Ресейде тұтқынға түскен саяси тұтқын. Ол соңғы деміне дейін нағыз украиналық, намысқой, сыпайы және қажымас адам болып қалды" деп жазды.

XS
SM
MD
LG