Accessibility links

"ҚазТрансОйл": Батуми порты жұмысшыларымен келіссөз жүргіземіз


Батуми портында аштық жариялап жатқан жұмысшылар. Грузия, 3 сәуір 2018 жыл.
Батуми портында аштық жариялап жатқан жұмысшылар. Грузия, 3 сәуір 2018 жыл.

Грузияның Батуми теңіз портында жұмысшылар наразылық танытып жатыр деп хабарлайды Азаттықтың Грузин редакциясы. 3 сәуір күні кешке порт әкімшілігіне полиция қызметкерлері жіберілген. Грузия ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, ереуілдеп жатқан жұмысшылар 3 сәуір күні теңізге жеңіл қайықтарды түсіріп, кемелердің портқа кірер жолын жапқан.

Порт әкімшілігі наразылық танытушылар портқа кіреберісті әдейі жапқан деп біледі. Жұмысшылар ұжым ереуілдеп жатқандықтан порттың өзі кемелерді қабылдай алмай қалған дейді.

"Біз мұнай терминалы жұмысшыларымен бірге ереуілдеп жатырмыз. Келіп жатқан кемелердің портқа кіруіне ешкім кедергі келтірген жоқ" деді жұмысшылардың бірі.

2 сәуірде порттың ондаған жұмысшысы жұмысқа шығудан бас тартып, ереуілге шыққан. Олар порттың жаңа басшылығының портты қайта құрылымдап, жұмысшылар санын қысқарту жоспарын естігенін айтып, оған қарсылық білдіреді. Кешелі бері наразылық танытқан бірнеше жұмысшы аштық жариялап жатыр.

Батуми портына ие қазақстандық "ҚазТрансОйл" компаниясы 4 сәуірде ереуілдеп жатқан жұмысшылармен келіссөз жүргізу үшін Батумиге компания бас директорының орынбасары мен басқарушы директордың ұшып кеткенін хабарлады.

Компания ақпаратына қарағанда, қазір порт қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. "Теңізге қайықтарды өз бетімен түсіріп, кемелер қозғалысына кедергі келтіру" фактісі бойынша Грузия құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

"ҚазТрансОйл" ереуілге шығып, аштық жариялаған порт жұмысшылары мәселесін Грузия заңдары бойынша шешуді ұстанатын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG