Accessibility links

Путин, Ердоған және Роухани Сирия дағдарысын талқылайды


Солдан оңға қарай: Иран президенті Хассан Роухани, Ресей президенті Владимир Путин және Түркия президенті Режеп Ердоған. Сочи, 22 қараша 2017 жыл.
Солдан оңға қарай: Иран президенті Хассан Роухани, Ресей президенті Владимир Путин және Түркия президенті Режеп Ердоған. Сочи, 22 қараша 2017 жыл.

Иран, Түркия және Ресей президенттері 4 сәуірде Анкарада кездесіп, Сириядағы соғысты тоқтату жайын талқылайды.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин және Иран президенті Хассан Роухани соңғы жарты жыл ішінде осымен екінші рет үш жақты кездесу өткізбек.

Үш елдің Сириядағы жеті жылға созылған соғысқа әр тараптан қатысы бар. Ресей мен Иран Сирия президенті Башар Асадты қолдаса, Түркия Асадқа қарсы соғысып жатқан кейбір көтерілісшіл топтарға қолдау көрсетеді. Үш ел былтырдан бері Сириядағы қақтығысты тоқтату үшін деэскалация аймақтарын құруда бірге жұмыс істеп жатыр.

Түркия, Ресей және Иран сонымен қатар БҰҰ бастамашы болған Женевадағы келіссөзге балама Астанада да бірнеше рет Сирия бейбіт келіссөзін өткізген.

Сирияда 2011 жылы үкіметтің билікке қарсы халық толқуын күшпен басуынан соң басталған азамат соғысында жүздеген мың адам қаза тауып, миллиондаған адам босып кетті.

Ердоған 3 сәуірде Анкараға келген Путинмен кездескеннен кейін Түркия мен Ресей Сирияда "ортақ мүдде тұрғысында" ынтымақтастықты жалғастыра беретінін мәлімдеген.

Роухани 4 сәуірде саммит қарсаңында Ердоғанмен кездеспек. Иран президенті Түркияға сапары алдында Сирияда Дамаскінің келісімінсіз әрекет ететін шетелдік күштер бұл елден кетуі тиіс екенін мәлімдеген.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Роухани Ердоғанмен және Путинмен Сирияны қайта құру мәселесін талқылап, жаңа конституция жобасы бойынша жұмысты жалғастыратынын айтқан.

XS
SM
MD
LG