Accessibility links

Ratel.kz сайты жұмысын уақытша тоқтатып, Әсіпов күдікті атанды


Марат Әсіпов, Ratel.kz сайтының бас редакторы.
Марат Әсіпов, Ratel.kz сайтының бас редакторы.

Ratel.kz сайтының журналисі әрі тұрақты авторы Вадим Борейко Facebook-тегі парақшасында сайт жұмысын уақытша тоқтататынын хабарлады. Бұдан өзге, "Ratel.kz сайтының достары" тобы мен порталдың Facebook-тегі ресми парақшасының жұмысы да уақытша тоқтатылады. Сайт бас редакторы Марат Әсіпов "Ratel.kz-тің фб-дағы парақшасын жабуға мәжбүрміз" деп жазды.

Сонымен қатар, 4 сәуірде "көрінеу жалған ақпарат тарату" ісінде қорғануға құқығы бар куәгер мәртебесі бар Марат Әсіповтің күдікті атанғаны белгілі болған. Вадим Борейко Марат Әсіпов сегіз сағатқа созылған тергеуден шыққан соң сайт қызметкерлері Сапа Мекебаев пен Анна Калашникованың да күдікті деп танылуы мүмкін деп болжап отырғанын жазады. Ratel.kz сайты мент Forbes Kazakhstan журналы редакцияларын тінту кезінде ұсталып, кейін босатылған Forbes.kz журналисі Александр Воротиловтың мәртебесі әзірге белгісіз.

Аталған БАҚ редакцияларында 2 сәуір күні полиция "көрінеу жалған ақпарат тарату" ісіне байланысты тінту жүргізген. Бұл іс бұрынғы қаржы министрі, бизнесмен Зейнолла Кәкімжановтың арызынан кейін қозғалған. Кәкімжанов Forbes.kz және Ratel.kz сайттарында соңғы жылдарда өзінің қызметіне байланысты жарияланған бірнеше мақаланы "қара пиар" және "жалған" деп атайды. Мақалада Кәкімжановтың "сыбайлас жемқорлыққа қатысы бары" айтылады.

Оқи отырыңыз: Полиция Forbes пен Ratel-дің кеңсесіне жетті

Кәкімжанов өткен жылы аталған басылымдармен соттасып, олардан 50 миллион теңге өндіру туралы шағымын сот қанағаттандырған. Кәкімжановтың "сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын" әшкерелемек болған журналистер соттың бұл шешімімен келіспеді.

XS
SM
MD
LG