Accessibility links

Ресей, Иран және Түркия Сирияда "бітім орнату" жұмысын жалғастырмақ


Солдан оңға қарай: Иран президенті Хассан Роухани, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған және Ресей президенті Владимир Путин. Анкара, 4 сәуір 2018 жыл.
Солдан оңға қарай: Иран президенті Хассан Роухани, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған және Ресей президенті Владимир Путин. Анкара, 4 сәуір 2018 жыл.

Ресей, Иран және Түркия президенттері 4 сәуірде Анкарада өткен саммиттен соң "Сирия жерінде ұзақ мерзімді бітім орнату жолындағы күш-жігерін еселей түсуге" бекінгенін білдірді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин және Иран президенті Хассан Роухани қақтығыс "келіссөздегі саяси процесс нәтижесінде ғана аяқталатыны" туралы бірлескен мәлімдеме жасаған.

Журналистермен сөйлескен Путин үш ел басшылары "Сирия Араб Республикасының аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі, егемендігін нығайту қызметіне адал екенін" мәлімдеді.

Үш ел басшылары келесі кездесу Тегеранда өтетінін, кездесудің нақты мерзімі алда анықталатынын айтты. Президенттер бұған дейін 2017 жылы қарашада Сочиде кездескен.

Ал 4 сәуір күні АҚШ президенті әкімшілігінің шенеунігі президент Дональд Трамп Сирияда америкалық әскерді "тағы біраз уақытқа қалдыруға" келіскенін хабарлады. Шенеунік Трамптың "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымын күйреткісі келетінін қалайтынын және аймақтағы өзге елдерді Сирияда тұрақтылық орнатуға көмектесуге шақырғанын айтты.

XS
SM
MD
LG