Accessibility links

OPCW Ресейдің "Скрипаль ісін" бірлесе тергеу ұсынысын қолдамады


Гаагадағы Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйымның бас кеңсесі.

Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйым (OPCW) Мәскеудің Ресей сыртқы барлау қызметінің бұрынғы офицері Сергей Скрипальдің улану ісін Ресейдің қатысуымен қайтадан тергеу туралы ұсынысын қолдамады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ресей ұсынысын ұйымның атқару кеңесіне мүше 41 елдің бесеуі ғана қолдады. 15 ел қарсы дауыс беріп, 17-сі қалыс қалды.

Ресей бұған дейін Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальдің улану оқиғасын Ұлыбританиямен бірге тергеуді ұсынған. Бірақ Ұлыбритания өкілі Ресей билігі "Скрипаль ісі" бойынша негізгі күдікті екенін айтып, ұсынысты қабылдамаған.

Келесі аптада OPCW екі зертханадан Скрипаль уланды делінген химиялық затқа жасалған талдау қорытындысын алмақ.

Бұған дейін британ ғалымдары удың СССР кезеңінде жасалған "Новичок" деп аталатын жүйке жүйесін жансыздандыратын улы зат екенін дәлелдеген. Олар "Новичоктың" Ресейде жасалғанын дәлелдей алмаған.

66 жастағы Сергей Скрипаль мен қызы 4 наурызда Солсбери қаласының орталығында аса ауыр халде табылып, қалалық ауруханға түскен. Ұлыбритания билігі әкесі мен қызына әлдекімдер жүйке жүйесіне жойқын әсер ететін"Новичок" атты у бергенін, бұл шабуылды Ресей ұйымдастыруы мүмкін екенін хабарлаған. Терроризммен күрес қызметінің тергеушілері удың ең көп мөлшері Скрипаль тұрған үйдің сыртқы есігінен табылғанын жариялаған.

Бұл оқиғадан соң Лондон мен Мәскеудің қарым-қатынасы нашарлап кетті. "Скрипаль ісі" аясында Лондон Ресейдің 23 дипломатын елден шығарды. Мәскеу бұған қарымта ретінде британ дипломаттарын еліне қайтарып, Ресейдегі Британ кеңесін жапты. Мәскеу Скрипальді улауға қатысы барын жоққа шығарады.

Көре отырыңыз: Ұлыбританияда тыңшыға қастандық жасау дауы ұлғайып тұр

Жаһан жаңалықтары. Апта 09.03.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:52 0:00

AzattyqTV

Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:13 0:00
XS
SM
MD
LG