Accessibility links

Ресей арнайы қызметі митингке рұқсат берген қала мэриясын тінтті


Волоколамск түбіндегі қоқыс полигонына қарсы акция. Ресей, 10 наурыз 2018 жыл.
Волоколамск түбіндегі қоқыс полигонына қарсы акция. Ресей, 10 наурыз 2018 жыл.

Қоқыс полигондарына қарсы 14 сәуірде митинг өткізуге рұқсат берген Мәскеу облысына қарасты Волоколамск қаласының мэриясы мен Серпуховский ауданының әкімшілігінде тінту жүргізілді. Бұл жайында Азаттықтың Орыс редакциясына Серпуховский ауданында өтетін акцияны ұйымдастырушы әрі Мәскеу түбіндегі Чехов қаласының депутаты Николай Дижур хабарлады.

Дижурдың сөзінше, Волоколамскіде тінту 4 сәуір күні, Серпуховский ауданында 5 сәуірде өткен. Дижур құқық қорғау органдарының әрекетін "үрей тудыру" деп атап, оларды 14 сәуірде өтетін минингімен байланыстырды. Ол Серпуховский ауданы әкімшілігіндегі тінтуді Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) мен Ішкі істер министрлігінің экономикалық қылмыспен күрес бөлімінің қарулы қызметкерлері жүргізгенін айтты. Тінту жүргізгендер әлдебір құжаттарды алып кеткен, ешкімді ұстамаған. Құқық қорғау органдарының тергеу шараларын не себепті жүргізгені әзірге белгісіз. Волоколамск қаласы мен Серпуховский ауданы әкімшілігінің сайттарында тінту туралы ақпарат жоқ.


Мәскеу түбіндегі қоқыс полигонына қарсы митинг Волоколамскідегі акциядан басталған. Мұнда "Ядрово" қоқыс күресінінен шыққан газдан ондаған бала уланған. 14 сәуірде митинг Мәскеу облысының оннан астам муниципалды ауданында өтеді деп күтіліп отыр. Белсенділер Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьевтің отставкаға кетуін талап етпек. Воробьевтің өзі бұған дейін облыс басшысы сайлауына тағы да түскісі келетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG